АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КҮНДЕЛІКТІ ЖҰМЫСЫН ЖЕЛІГЕ ЖАРИЯЛАП ОТЫРАДЫ

Уақыты: 10.12.2021
Оқылды: 1218
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ «Twitter» әлеуметтік желісінен (үстінен басыңыз) жеке аккаунтын ашты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Құрметті жетісулықтар! «Twitter»-дегі жеке парақшама қош келдіңіздер! Осы жерде жаңалықтармен, өңіріміздегі өзекті мәселелердің шешімімен бөлісіп отырамын. Сіздерді конструктивті диалог құруға шақырамын", - деп жазды Қанат Бозымбаев желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та "Твиттер" парақшасын жүргізеді. Сондай-ақ, "Жетісу" газетінің күнделікті ақпараттары да "Твиттер" желісінде жарияланып отырады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"