АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 2-3 БАЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 28.05.2022
Оқылды: 1435
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысында жер дүмпуі тіркелгенін хабарлады.

"26 мамыр, 2022 жылы, сағат 21:50-де Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Энергетикалық класы – 11.1.MPV, магнитудасы - 5.5. Координаттары - 42 гр. Тереңдігі - 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы, Медеу, Қорам, Түрген, Қотырбұлақ елді мекендерінде 2-3 балл", - делінген департамент хабарламасында.

Жер сілкінісі бойынша құрбан болғандар мен қираған нысандар туралы хабарлама түскен жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"