АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БҰРШАҚ ЖАУЫП, ДАУЫЛ СОҒУЫ МҮМКІН. АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Уақыты: 28.05.2022
Оқылды: 1020
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Қазгидромет" РМК ескертуінің негізінде 28, 29 және 30 мамыр күндері Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Сонымен бірге, күн күркіреп, найзағай түседі, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 24-29 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.

Қолайсыз ауа райына байланысты Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

28-30 мамыр күндері Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі елді мекендерде, сондай-ақ, Алматы қаласымен іргелес аудандарда сел жүріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"