Оқи отырыңыз
Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағашта атыс болып, 3 адам ауруханаға түсті. Олардың бірі қайтыс болды.
«4 тамыз күні сағат 16:20-да Ұзынағаш ауруханасына оқ тиген үш адам түсті. Оның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Полиция бірден мән-жайды анықтап, аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды іздеуге кірісті. Қазір оларды ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдын ала анықталғандай, кикілжің жергілікті тұрғындардың арасында болған», - делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"