АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҮШ КҮН ҚАТАРЫНАН АПТАП ЫСТЫҚ БОЛАДЫ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 02.09.2022
Оқылды: 1264
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысында аптап ыстық болатынын ескертеді.

"Қазгидромет" РМК ескертуінің негізінде 3-5 қыркүйек күндері Алматы облысында 35 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан үйден шықпауларды сұрайды. Күн өтіп кеткен немесе ыстыққа күйген жағдайда дереу көлеңкеге барып, салқындауға, су ішуге кеңес береміз.

Есіңізде болсын, қатты ыстықта табиғи өрттердің пайда болу қаупі артады. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"