ІЛЕ АУДАНЫНДА ГАЗ ҚОСПАСЫ ЖАРЫЛЫП, БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 02.09.2022
Оқылды: 1255
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Іле ауданының Өтеген батыр кентінде жарылыс болды.

Жерұйық көшесінде "PolpanInsulation" ЖШС зауытының жылу оқшаулағыш плита өндіретін ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылып, кейіннен 50 шаршы метр алаңда қабырға қаптамасы жанған. Кейіннен жалпы ауданы 400 шаршы метр шатыр мен қабырға опырылып құлаған. Оқиға орнына мамандар дереу жіберілді.

Жалпы зақым келген аумақ 1250 шаршы метрге жетті.

«Өрт сағат 10:35-те ауыздықталып, сағат 10:50-де сөндірілді», - делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада. Төтенше жағдай салдарынан 5 адам жарақат алып, бір адам көз жұмған.

«Өртті сөндіруге Алматы облысы төтенше жағдай департаментінен 15 қызметкер мен 4 техника, сондай-ақ, полиция, 3 "Жедел жәрдем" бригадасы және басқа да құрылымдар қатысты. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр», - деді департамент өкілдері.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"