Оқи отырыңыз
ҚР Орталық сайлау комиссиясы бүкіл ел бойынша халықтың сайлауға келуінің сағат 12.00-дегі алдын ала есебін жария етті.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 20 қараша, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге қосылған азаматтардың 51,16 пайызы дауыс беру қағазын алған.
Тұрғындардың сайлауға келуінің пайыздық көрсеткіші жөнінен алда келе жатқан өңірлер:
– Түркістан облысы – 76,61%;
– Абай облысы – 69,32%;
– Ұлытау облысы – 68,32%.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ