ИМАНБЕКТІҢ СУРЕТІ "ӘЛЕМНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДА" ПАЙДА БОЛДЫ

Уақыты: 06.03.2023
Оқылды: 1342
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстандық диджей, атақты "Грэмми" премиясын алған Иманбек ЗЕЙКЕНОВТЫҢ суреті Нью-Йорктегі Таймс-скверде экранда көрсетілді.

Бұл туралы музыкант өзінің Instagram парақшасында жариялай отырып, суретін орналастырғаны үшін 300 Entertainment және Effective Records дыбыс жазу студияларына өз алғысын жеткізді.

Диджейдің айтуынша, экранда американдық әнші Тревор Дэниел екеуінің"In The Morning" деп аталатын жаңа әні жарнамаланды.

Нью-Йорк пен бүкіл Америка Құрама Штаттарының символына Бродвей мен Жетінші даңғыл қиылысын - "әлемнің қиылысы" деп те аталады. Ал онда  орналасқан Таймс-сквер де тиісінше,  әлемдегі ең көп адам баратын көрнекті орындардың бірі.

 

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ