90 ЖАСТАҒЫ АНА САЙЛАУДАН ҚАЛЫС ҚАЛМАУҒА ШАҚЫРДЫ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 606
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарымен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында жас буыннан бастап еңкейген қарт тұрғындары да дауыс беруде.

Жасы 90 ды алқымдаса да, №39 сайлау учаскесіне арнайы келіп Базархан Козыбаева апамыз дауыс берді. Бүгінде 7 бала тәрбиелеп өсірген ол ел ертеңі үшін бұл күннің маңызы зор екенін айтып, қалыс қалмауға шақырды.

Қария ел үшін маңызды саяси науқандарда үнемі өз таңдауын үзбей жасап келген.

Комиссия мүшелері мұнда сайлауға келуші тұрғындардың көп екенін атап өтті. Әсіресе, сайлаудың алғашқы сағаттарында қариялар да, жастар да саяси науқанға белсенді түрде атсалысқан.

Гүлжан Тұрсын,
Ақсу ауданы