ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ: ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

Уақыты: 24.03.2023
Оқылды: 884
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚҰРМЕТТІ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Бүгін Талдықорған қаласының аумағында құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын үйлестіруге, күштер мен құралдардың дайындығын тексеруге бағытталған оқу-жаттығулар өткізіліп жатқанын хабарлаймыз.

Азаматтарды сабырлық сақтауға және оқу-жаттығуларға қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі