Қызық. Қазақстанның алып адамы анықталды

Уақыты: 20.04.2023
Оқылды: 762
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасының студиясында белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылмы.

Дәлірек айтқанда, бұған дейін БАҚ бетінде алыптығы жайлы ақпарат шыға бастаған Атыраулық Парасат НҰРҒАЛИЕВ енді қазақстан рекордтар кітабына еніп отыр.

Парасаттың “Еліміздегі ең алып адам” ретінде енуін Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов жеткізді. 

Бұдан бөлек, Нұрғалиевтың аяқ өлшемі де еліміздегі рекордтар кітабына тіркелетіні мәлім болды. 

Айта кетейік, ел алып адамының бойы - 218,5 см болса, салмағы - 150 кг. Ал рекордтар кітабына аяқ өлшемінің кіру себебі де сол өлшемі - 56 см-ге жеткен.

Осылайша, өзіне өлшемі басқа арнайы киім тіктіріп киетін Парасат Нұрғалиев Қазақстан рекордтар кітабына өзгеше еркешелігімен еніп отыр. 

Фото: ғаламтордан 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ