Ердоған: "Түркия бұдан былай энергия ресурстарын жеткізуді қажет етпейді".

Уақыты: 03.05.2023
Оқылды: 805
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Түркияда жаңа мұнай кен орнының табылғаны әлемдік БАҚ-та тез тарай бастады. Бұған Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдемесі себеп болғандай, деп жазады 7-su.kz желілік басылымы. 

Ердоған өз сөзінде бұл елдегі жаңа мұнай кен орны шетелден энергия ресурстарын жеткізу қажеттілігін жоятынын айтады.

Біз мұнайды Габар аймағында 2,6 км тереңдікте таптық. Кен орнының өндірістік қуаты тәулігіне 100 мың баррельді құрайды. Онда Түркиядағы өзге кен орындарына қарағанда мұнай көбірек өндіріледі. Түркия бұдан былай энергия ресурстарын жеткізуді қажет етпейді. Біз өзіміз энергия ресурстарын жеткізуге қабілетті мемлекетке айналамыз, - деп атап өтті ол.

Фото: ашық дереккөзден