Малайсары станциясына жол салу кезінде өрескел заң бұзушылық жасалған

Уақыты: 11.05.2023
Оқылды: 1201
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының прокуратурасы Кербұлақ ауданында автомобиль жолын салу кезінде жіберілген бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»  агенттігі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің дерегіне сүйеніп.

7 наурызда Кербұлақ ауданында қар суының шаюы салдарынан Малайсары станциясына қарай автомобиль жолы жартылай бұзылып, жарамсыз болып қалды.

Прокурорлық тексеру нәтижесінде осы учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында Заңның өрескел бұзушылықтарына жол берілгені анықталды.

Бастапқыда бұл жұмыстар мемлекеттік органға жобалау-сметалық құжаттамасыз және сараптама жүргізбестен мемлекеттік сатып алуды жүргізуге мүмкіндік беретін ағымдағы жөндеу түрінде заңсыз жүргізілген. Бұл өз кезегінде техникалық және авторлық қадағалау тарапынан бақылауды жояды.

Нәтижесінде су бұру жүйелерінің өткізу қабілеті есептелмеген және жүргізілген жұмыстардың сапасы қамтамасыз етілмеген.

Прокуратура мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерінде мемлекетке зиян келтірген және аса ірі залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтады.

Осы факт бойынша 3 сәуірде арнайы прокурорлар жүзеге асыратын ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 3-тармағының 4-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"