«Рокси» атты иттің көмегімен ұры ұсталды

Уақыты: 12.05.2023
Оқылды: 762
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қалалық ПБ Жедел басқару орталығына «102» нөміріне  ұрлық фактісі бойынша қоңырау түскен, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Оқиға орнында белгісіз адам Ford Transit автокөлік салонынан құрылыс құрал-саймандарын ұрлап кеткені анықталды.

Ұрлықты ашуға «Рокси» итімен бірге кинолог-полицей жәрдемдесті. Қызметтік-іздестіру барасында ит күдіктінің ізін тауып, нәтижесінде жеке үйге алып барды. 

Онда полиция қызметкерлері 26 жастағы ер адамды ұстады. Ұрланған заттар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметінің мәліметінше арнайы деректер базасы бойынша тексеру кезінде ұсталған адамның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Жас овчарка Рокси бельгиялық малинуа тұқымына жатады, оның көмегімен шамамен 5-7 қылмыс ашылды. Бүгінгі таңда Жетісу облысы ПД Кинологиялық орталығында патрульдеу, іздестіру жұмыстары, сондай-ақ жарылғыш заттар мен есірткілерді іздеу кезінде пайдаланылатын 24 қызметтік-іздестіру иттері бар.