"Топырақ бетінде 2 градус үсік".  Қазгидромет 15 мамырда болатын жағдайды айтты 

Уақыты: 15.05.2023
Оқылды: 826
Бөлім: КҮНДЕРЕК

15 мамырда ел аумағындаға ауа райы түрліше болмақ. Кей өңірлерде өрт қауіпі байқалса, ал келесі бір аймақтарда өсік жағдайы тіркелуі мүмкін, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы  «Қазгидромет» РМК дерегіне сүйеніп. 

 Атмосфералық фронтальды бөліктерінің өтуімен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Мәселен, күндіз елдің оңтүстік-батысында найзағайлы қатты жаңбыр, бұршық жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста - тұман, күндіз оңтүстікте  – шаңды дауыл жүруі мүмкін. Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Түнде Ақмола, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтілуде.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде,  Жетісу және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Фото: ашық дереккөзден