Босанатын аналарға қарайтын мамандар жетіспейді: "Бірге босанамыз" жобасын әзірленді

Уақыты: 15.05.2023
Оқылды: 774
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елімізде босанатын әйелдерге қадағалау жүргізетін мамандар жетіспейді. Тіпті жалғыз акушерге бес жүкті әйелден келеді. Осының салдарынан ана мен бала өлімі де азаймай тұр.

Ал денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала өмірінің қауіпсіздігі үшін "Бірге босанамыз" жобасын әзірлеп, халыққа ұсынды, деп хабарлайды 7-su.kz желілк басылымы 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

Жетісу облыстық перзентханасының бас дәрігері бір акушерге кемінде үш босанатын әйелді қадағалау жүктелгенін мойындап отыр. Күніне кемінде 18-ден отызға дейін жүкті әйелді босандырамыз деген директор акушерден гөрі дәрігерлерге мұқтаж екен.Жетісу облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қанат Жұмашев анестезиолог-реанимотолог дәрігерлер жетіспей жатқанын жеткізді.

Ал денсаулық сақтау министрлігіндегілер елде бір акушерге 5 анадан келетінін айтады. Сол себепті босану кезінде әйелдерге сапалы әрі үздіксіз медициналық көмек көрсететін маман жетіспей жатыр. Осы себепке байланысты аналар тарапынан шағым көбейген. Енді министрлік "Бірге босанамыз" жобасын әзірлеп, екі жүкті әйелге бір акушер берілетіндей жағдай жасауды жоспарлап отыр.

 

"Халықаралық стандарттарға сәйкес, дамыған мемлекеттерде бір босанатын әйелді бір акушер маман бақылайды. Бүгінгі таңда кей өңірде бір акушер 5 босанатын әйелге қарайды", – деді ҚР денсаулық сақтау министрлігі аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шахизат Халықова. 

Яғни, жобаның басты мақсаты – ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту. Қазір "Бірге босанамыз" жобасы министрліктің сайтында қоғамның талқылауына ұсынылған. 

Сурет ашық дереккөзден