Талдықорғанда мас адам оқушыны соққыға жыққан

Уақыты: 16.05.2023
Оқылды: 972
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласының Полиция басқармасына 46 жастағы әйел шағыммен келіп, ұлын белгісіз ересек адам ұрып кеткенін айтқан, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімді соққыға алған Балпық би ауылының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жас жігіт қатты мас күйде болғаны анықталды. Сондықтан ол жергілікті медициналық айықтырғышқа орналастырылды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Фото: polisia.kz