Ақылы жолдарда тағы бір қызмет енгізілді

Уақыты: 17.05.2023
Оқылды: 1080
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда ақылы жолға кірген көлік жүргізушілеріне SMS-хабарлама жіберу бойынша пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

QazAvtoJol компаниясының мәліметінше пилоттық жоба аясында автокөлік иесіне ақылы жолға өткені туралы SMS-хабарлама түседі. Соның ішінде төлем әдістері туралы сілтеме де болады. SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді.

Олар:

Астана-Павлодар;

Шымкент-Қызылорда;

Шымкент-Ташкент;

Шымкент-Тараз;

Тараз-Қайнар;

Қонаев-Талдықорған;

Щучинск-Көкшетау;

Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде ("Астана-Щучинск"," Астана-Теміртау" ,"Алматы-Қонаев"," Алматы-Қорғас") SMS-хабарлама келмейді.

Айта кетейік, елімізде жалпы ұзындығы 2,200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар.

Сурет ғаламтордан алынды