Жетісуда мас күйінде көлік жүргізген 268 жүргізуші ұсталған

Уақыты: 01.06.2023
Оқылды: 528
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының автожолдарында патруль полицейлері көлік құралын басқару кезінде алкоголь немесе есірткіге мас болған 268 жүргізушіні анықтап, ұстады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі дерегіне сүйене отырып хабарлайды. 

Соның ішінде мас жүргізушінің кінәсінен 6 жол оқиғасы болған. Кесірінен бір адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алды. Бұдан бөлек соңғы панфилов ауданында тіркелген жол көлік оқиғасында да жүргізушілердің бірі мас болғаны анықталған.

"Облыстық полиция жүргізушілерді көлікті басқару кезінде алкогольді ішімдіктен бас тартуға шақырады. Бұл талаптарды елемеу заңнамада көзделген жауапкершілікке ғана емес, сондай-ақ ауыр зардаптары бар жол-көлік оқиғасына әкеледі", - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Фото: көрнекілікке алынды