Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Уақыты: 01.06.2023
Оқылды: 445
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

"Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын!" – деп жазды Президент.

Фото: ашық дереккөзден