Міне, қызық! Саңырауқұлақты құрылысқа пайдаланбақшы

Уақыты: 01.06.2023
Оқылды: 678
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Британдық ғалымдар саңырауқұлақтарды құрылыс материалы ретінде қолдануды ұсынды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Хабар 24 арнасының ақпаратына сүйеніп хабарлайды.

Британдық ғалымдар саңырауқұлақтарды тағам ретінде тұтынып қана қоймай, құрылыс материалы ретінде де қолдануға болатынын айтқан.

Мамандардың сөзінше, ғимаратты құрайтын блоктар өсірілген мицелия, басқа сөзбен айтқанда, кәдімгі саңырауқұлақ тамыры болып табылады. Өйткені ол кез келген пішінді қабылдай береді екен.

Сондай-ақ телеарна ақпаратынша, мицелия биокомпозиттері қайта өңдеуге жарамды. Оған қоса олар жеңіл, үй қабырғаларының оқшаулау деңгейі жоғары және отқа төзімді келеді.

Бетон мен болаттан жасалған үйден гөрі саңырауқұлақтың тамырынан жасалған үй табиғи түрде ыдырайды және қоршаған ортаға аса әсер етпейді. Осылайша атмосфераға тарайтын зиянды заттар көлемін қысқартуға мүмкіндік бар.

Фото: көрнекілік үшін