Жетісу облысында жоғалған қыз өлі табылды

Уақыты: 07.06.2023
Оқылды: 645
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірім қыздың мәйіті табылды.

Polisia.kz 15 жастағы оқушының денесі 6 маусымда Панфилов ауданында Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан табылғанын хабарлады.

"Криминалдық сипаттағы өлімнің анық белгілері жоқ. Полицейлер қажетті сараптамалар жасап, барлық мән-жайды мұқият тексереді", - делінген ақпаратта.

Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен 200-ден астам ерікті қосылған.

Еске сала кетейік, осыған дейін жоғалып кеткен 15 жасар қыз табылмай жатқанын хабарлағанбыз.