Жетісу облысында таралған қалың түтінге байланысты ресми ақпарат

Уақыты: 12.06.2023
Оқылды: 831
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті орман өрті салдарынан жел бағытының өзгеріп, өңірді түтін басуына байланысты тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

«Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және маска киюлеріңізді сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.

Аталған келеңсіз жағдайға байланысты төтенше жағдайлар департаменті тыныс алу органдарының ауруы бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берді.

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ