"Абай облысына еш қатысы жоқтығын айғақтайды": Әкімдік жалған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Уақыты: 12.06.2023
Оқылды: 857
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Табиғи апаттар кезінде жалған ақпараттың да көптеп тарала бастайтыны белгілі. Семейдегі алапат өртке қатысты да жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Мәселен, "орманға өрт қою үшін дайындалған" делінген тамызықтар туралы интернет желісінде тараған видеоға Абай облысының әкімдігі түсінік берді.

«Интернет желісінде видео тарап жатыр, онда адамдар тобы орманда ағаштарға от қою үшін тамызықтар дайындалғанын айтады. Олардың бірі Жабық ауылының атауын атайды. Ақпараттарға сүйенсек, 2021 жылдың маусым айында Ресей Федерациясы Челябі облысының Жабық ауылында орман алқабында ірі өрт болды. Бұл, видеороликтің Абай облысына еш қатысы жоқтығын айғақтайды», - делінген әкімдік хабарламасында.

 

Осы ретте, өңір әкімдігі тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Фото: көрнекілікке алынды