«Самұрық-Қазына» Абай облысында өрттен зардап шеккендерге 200 млн. теңге бөлді

Уақыты: 12.06.2023
Оқылды: 666
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Самұрық-Қазына» Абай облысында өрттен зардап шеккендерге 200 млн теңге бөлді. Бұл туралы қор басшысы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаражат эвакуацияланған елді мекен тұрғындарына, сондай-ақ өртті сөндіруге тартылған мамандарға гуманитарлық көмек ретінде беріледі және Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қайырымдылық қоры арқылы аударылады.

«Бүкіл Қазақстан орман өрті өршіп тұрған Абай облысындағы отандастарымыз үшін алаңдаулы. Мемлекет басшысы азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Біз ұлттық әл-ауқат қоры ретінде тасада қала алмаймыз», - деп жазды Нұрлан Жақыпов Twitter-дегі парақшасында.

Фото: көрнекілікке алынды