Талдықорғанда орманды жерлерге баруға тыйым салынды

Уақыты: 13.06.2023
Оқылды: 549
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған орман шаруашылығы адамдарға орманға баруға тыйым салды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы  24.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Мұндай шешімді көрші Абай облысындағы қатты өрттен кейін қабылдауға тура келген.

Жергілікті орман шаруашылығына 185 мың гектар жер қарайды. Қазір онда 100-ге жуық жұмысшы еңбек етуде. Көрші облыстағы қайғылы оқиғаға байланысты мекеменің барлық қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Орманшылар өртке қарсы күресте қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

"Жағдай өте қиын. Біз "Семей Орманы" қорығында қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Біз күшейтілген жұмыс режиміне көштік. Қызметкерлеріміз тәулік бойы кезекшілікке шықты. Біз посттар орнаттық. Біз адамдарға орманға кіруге тыйым саламыз", –  деді Талдықорған орман шаруашылығы директорының орынбасары Асқар Орынбаев.

Фото: көрнекілік үшін