Жетісу облысында 128,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Уақыты: 13.06.2023
Оқылды: 585
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында 128,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев "Тау Жетісу" демалыс аймағында өтіп жатқан баспасөз мәслихаттында айтты.

Өңірде пайдаланбай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мысалы, 2022 жылы аэроғарыштық түгендеу жұмыстары нәтижесінде пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1,077,2 мың га жер анықталды, оның 857,2 мың га жайылымдық жер.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жайылымдық жердің 327 мың га айналымға енді, 401,7 мың га жер иелеріне бұзушылықтарды жоюға 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілді, 128,5 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деді Бейбіт Өксікбайұлы.

Оның сөзінше қалған 220 мың гектар биыл қайтарылуы тиіс.

Сурет ғаламтордан алынды