Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болды

Уақыты: 13.06.2023
Оқылды: 1038
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтына сілтеп.

Бұл туралы журналист Бауыржан Бабажанұлы facebook парақшасында жазды.

"Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай", - деді ол.

Айта кетейік,  мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Димаштың атасы Құдайберген Айтбаевқа "Ерен еңбегі үшін" медалі 2019 жылы берілген болатын.