Жетісу облысы құрылғалы бері 12 ауылға газ тартылды

Уақыты: 13.06.2023
Оқылды: 733
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Атлмыш мәлімет өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың журналистермен өткізген баспасөз мәслихаттында белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

– Бүгінде газдандыруға жататын 192 елді мекенің 22-сіне газ құбыры тартылды, нәтижесінде 288 мың адам газға қол жеткізуге мүмкіндік алды. Соның ішінде 12 ауыл облыс құрылғаннан кейін газдандырылды. 2023 жылдың соңына дейін тағы 18 елді мекен газға қосылады, – деді облыс әкімі.

Ал 2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі барлық елді мекендер газдандырылатын болалы. Соның нәтижесінде 506,6 мыңнан астам тұрғын немесе жетісулықтардың 71,7%  көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алады.

Осы мақсатта «Талдықорған - Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының  ЖСҚ-сы дайындалуда. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы 124 мың халқы бар тағы 66 елді мекенді газдандырылмақшы.  Жобаның іске асырылу мерзімі – 2024-2028 жж.