Көксу ауданындағы 12 елді мекенге газ тартылады

Уақыты: 14.06.2023
Оқылды: 558
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бұл туралы аудан әкімі Алғабас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 
Олар Алғабас, Ақшатоған, Айнабұлақ, Бозтоған, Жарлыөзек, Қызылтоған, Талапты, Жетіжал, 10 жылдық Қазақстан, Жеңіс,  Кеңарал және Ақтекше ауылдары.

Қазіргі таңда аталған елді мекендерді газдандыру бойынша жобалау жұмыстары аяқталды.

Шілде айында құрылыс монтаж жұмыстары басталады. 2024 жылдың тамыз айында 12 елді мекен толығымен көгілдір отынға қосылмақ.

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ