"Кеген ауданында темір қоршауды көтеру арқылы өтіп кеткен": Күдебаевтың қалай қашқаны айтылды

Уақыты: 14.06.2023
Оқылды: 770
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Күдебаев шекарадан қалай қашып шыққанын айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Жандос Өміралиевтің айтуынша, Серік Күдебаев Қазақстан шекарасынан өткізу пункті арқылы өтпеген. 

"Оның берген жауабы бойынша, ол Қазақстан шекарасынан Кеген ауданында темір қоршауды көтеру арқылы өтіп кеткен",  – деді Өмірәлиев

Мәжілісте белгілі болғандай, Күдебаевтың елден қашу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аяқталған. Қазір іс сотқа жолданған. 

"Ол біздің шекарамыздан тыс жерден Қырғызстан мемлекетіне өтіп кеткен. Оны шекараға жеткізген көлік жүргізушісі мұндай әрекетке баратынынан беймәлім болған. Сол себепті өзі ғана жауапқа тартылып жатыр", – деп нақтылады бас прокурордың орынбасары.

Фото: көрнекілікке алынды