"Үсік жүреді": 15-17 маусым аралығындағы ауа райына болжамы

Уақыты: 15.06.2023
Оқылды: 497
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» синоптиктері 15-17 маусым аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлады 7-su.kz желілік басылымы.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен жаңбыр жауып, найзағай түсіп, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қысым күшейеді, ауа температурасының түнде 2-10 градусқа дейін қысқа мерзімді төмендеуі, жер қабатында 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы 20-28-ден 25-32 градусқа дейін ыстық болады, - делінген хабарламада.

Фото: көрнекілік үшін