Жамбыл ауылында балалар ойын алаңы салынады

Уақыты: 14.06.2023
Оқылды: 713
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Балаларға ойын алаңы қажет. Бұндай мәселені ілгеріде аудан әкімнің халықпен кездесуінде Жамбыл ауылының тұрғындары көтерген болатын. Лабасы ауылдық округі халқының алдында атқарған есебін берген аудан әкімі мәселенің шешілгенін айтып қуантты.  

Мәселен, аудан әкімімен кездесуінде әуелгі халық тілегі былай өрілген еді. 

"Көшеде баланың қарасы көп. Бір жағы, қуанасың. Себебі ұялы байланыс құралына үңілгеннен ойнағаны жақсы. Екінші жағы, балаларды аяйсың. Неге десеңіз,  ойнайтын алаң жоқ”,-деп өтінген еді.

Араға уақыт салып Лабасы ауылдық округі халқымен кездескен аудан басшысы жақсы жаңалықты жеткізді. 

“Жамбыл ауылында 36 млн теңгеге балаларға арналған  спорт және ойын алаңы салынады. Тұрғындардың тынығатын, балалардың бір мезгіл ойнайтын алаңның сапалы болуы – басты назарымда. Мемлекет көрсетіп жатқан мүмкіндіктерді пайдалана отырып Мәулімбай мен Жарлыөзек ауылына 58 млн теңгеге құрылыс жүргіземіз.  Қараша айына дейін қолданысқа тапсырамыз”,-деді аудан әкімі Марлен Көлбаев.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ