Kaspi.kz бөлімшесіне қарулы адам шабуыл жасады

Уақыты: 18.06.2023
Оқылды: 725
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін Астанадағы Kaspi.kz бөлімшесіне қарулы адам шабуыл жасап, қызметкерлерге қауіп төндірген, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылым inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Күзет нұсқаулық бойынша бірден дабыл түймесін іске қосып, полиция қысқа мерзімде оқиға орнына жетті.

Кепілге алынғандарды босату операциясы 2 сағатқа созылып, сәтті аяқталды. Шабуыл жасаушы ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам наркологиялық диспансерде есепте тұрады.

Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ және әрқайсысына қажетті көмектің барлығы көрсетіледі.

Қызметкерлеріміздің және олардың отбасыларының атынан құқық қорғау органдарына жеделдігі мен кәсібилігі үшін үлкен алғыс білдіреміз.