"100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін": әкелер күнінде Димаш Құдайберген әсерлі жазба қалдырды

Уақыты: 19.06.2023
Оқылды: 798
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Әлемнің сүйікті әншісіне айналған Димаш Құдайбергеннің Атасын ақтық сапарға шығарып салғаны бұған дейін БАҚ-та жарияланды. Артынша ол өзінің Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялады.

"Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін…Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқандарымнан айтып, үлгермегендерім көп. Қош бол,әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің,кенжетайың… Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға, Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын…"

Еске салайық, 13 маусымда белгілі қазақ әншісінің атасы, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері Құдайберген Айтбаев қайтыс болды.

Фото: ашық дереккөзден