«Денесін суға лақтырып жіберген»: Журналист Жанбота Төлегенге қастандық жасалды

Уақыты: 19.06.2023
Оқылды: 804
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің Грузияда қаза тапқанына қатысты мәліметтер пайда болды. 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігінің дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Грузия ІІМ Кахетия полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Г.Х. Төлегенді қасақана өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Оның кінәсі дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айыпталушы Сагареджо муниципалитетінде туындаған жанжал кезінде өзінің көптен бергі танысы Жанбота Төлегенді қатты затпен ұрып өлтіріпті.

Ресми мәліметтерге сәйкес, күдікті қылмысын жасыру үшін әйелдің денесін өзенге лақтырып жіберіп, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша Грузия қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша тергеу жалғасуда.