Екі көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты

Уақыты: 20.06.2023
Оқылды: 706
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған-Үштөбе айналма жолында Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Mitsubishi Pajero-ны 32 жастағы ер адам басқарған, ол жолаушысымен бірге оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ 34 жастағы әйел түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жатқызылды. 

Қайғылы оқиға

"Автожолдың аталған учаскесінде Mitsubishi Pajero автокөлігі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқанын хабарлаймыз. Өңір полициясы жүргізушілерді жылдамдық режимін және ҚР ЖҚЕ-де көрсетілген басқа да талаптарды мүлтіксіз орындауға шақырады", - деді Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Суретер: Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі