Үндістанда аптап ыстықтан 166 адам көз жұмды

Уақыты: 20.06.2023
Оқылды: 791
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Үндістанда кейнгі бірнеше күнде аптап ыстықтан 166 адам көз жұмды, тағы жүздегені ауруханаға түсті.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, аптап ыстық Уттар Прадеш (119 адам қаза болды) және Бихар (47 адам) штаттарында тіркеліп отыр.

Бірқатар ауданда температура 43,5 градусқа жетті.

Бихар провинциясының әкімшілік орталығы – Патна қаласында 24 маусымға дейін каникул жарияланды.

Билік өкілдері күннің көзі ұясына батқанша ғимараттан тыс шықпауға үндеді.