"1,075 млрд. теңге": «Қазақстан барысын» өткізуге жұмсалған қаржы есебі тексерілуде

Уақыты: 21.06.2023
Оқылды: 811
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығы тексерілуде.

Бұл туралы  7-su.kz желілік басылымы Қаржы мониторингі агенттінің Алматы қаласы бойынша департаменті дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Дереккөз мәліметінше, қазірге таңда аталған іске жауапты адамдардан жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жариялауға рұқсат етілмеген.

Фото: ашық дереккөзден