Тиімсіз несиелер үшін жаза күшеюі мүмкін

Уақыты: 21.06.2023
Оқылды: 776
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жоғарғы аудиторлық палата төрайымы Наталья Годунова сыртқы несиелерді тиімсіз игеру бойынша жеке жауапкершілікті күшейту туралы айтты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Годунова Үкімет бюджеттік тәуекелдерді анықтап, 2050 жылға дейін мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді тұрақтылығын сараптағанын айтты.

"Қарыз саясатында бірте-бірте тәртіп қалыптасып келеді. Сыртқы қарыздарды тиімсіз тартқаны және оларды уақытылы игермегені үшін лауазымды тұлғалардың дербес әкімшілік жауапкершілігі енгізілген - 100 АЕК (345 000 теңге). Айыппұл сомасын көбейту керек деп санаймыз", - деді Годунова.

Фото: ашық дереккөзден