Талдықорғандық полицейлер көшелердегі есірткі жарнамаларын өшіріп жатыр

Уақыты: 22.06.2023
Оқылды: 610
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғандық полицейлер мен волонтерлер көшелердегі есірткі жарнамаларын өшіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Талдықорғанда нашақорлықтың алдын алуға бағытталған «Есірткісіз қала» акциясы өтуде. Полицейлер, жергілікті тұрғындардан құрылған еріктілер қаладағы үйлерді аралап, қабырғалардағы есірткі сайттарын жарнамалайтын түрлі штрих-кодтар мен жазуларды өшіруде.

«Аула аралау кезінде қала тұрғындарына нашақорлыққа қарсы тақырыптағы буклеттер мен жадынамалар таратылады. Біз кеңес береміз, азаматтарға, әсіресе жасөспірімдер мен жастарға синтетикалық және басқа да есірткілердің зияны туралы түсіндіреміз. Есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы еске саламыз. Өңірде есірткінің таралуына жол бермеу жұмыстарына азаматтарды тартуға тырысамыз», - деді Жетісу облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасынан.

Жыл басынан өңірде заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі заттары алынды. Есірткіге қатысты құқық бұзушылық және есірткі қылмыстарын жасады деген күдікпен 80 адам жауапқа тартылды. Оның ішінде 17 адам есірткі сатқан.

Фото: көрнекілікке алынды