Альмира Тұрсын Mrs Globe 2023 байқауында екінші орын алды

Уақыты: 26.06.2023
Оқылды: 865
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстандық актриса Альмира Тұрсын АҚШ-та өткен Mrs Globe 2023 сұлулық байқауында екінші орын алды, El.kz ақпараттық агенттігі.

Альмира Тұрсын көпшілікке «Томирис» фильмі арқылы танымал. Ол Ақан Сатаев түсірген тарихи фильмде басты рөлді сомдаған.

1-вице-миссис атағын берді, яғни 2-орын, - деп жазды Тұрсын әлеуметтік желіде.

«Құттықтаймыз! Ең сұлу және киімдері де ерекше әдемі! Сіз сұлу ғана емес, мінезі де көрікті, ақылды жансыз. Біз сізбен мақтанамыз. Құттықтаймын! Біздің елімізді лайықты дәрежеде таныту – үлкен абырой! Біз үшін сіз біріншісіз!» - деген пікірлер жазылған.

Mrs Globe 2023 сұлулық байқауында жеңіс Беларусь өкілі Лана Глумаковаға бұйырды.

Сонымен қатар, елімізден тағы екі ару үздік бестікке енді: 45+ категориясында Жанна Сахариева - 4-вице-миссис, Plus size категориясында Индира Күлбаева 4-вице миссис атағын алды.

Фото: көрнекілікке алынды