Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

Уақыты: 26.06.2023
Оқылды: 3499
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Шолпан Каринова оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Үкімет қаулысына негізделе отырып хабарлайды. 

ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - делінген қаулысында.

 

Шолпан Каринова  — 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2016 жылы — «педагогикалық білім» бағыты бойынша Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде магистратураны тәмамдаған.    

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінің мұғалімі болып бастаған, колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған. 

2005–2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің басшысы. 

2009–2012 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары. 

2012 жылғы мамырда Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалған, 2013 жылғы шілде мен 2017 жыл аралығында — Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасының басшысы.

2017–2018 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры болып қызмет атқарған.  

2018 жылғы қазаннан вице-министрі қызметіне дейін «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.  

2019 жылдан бастап оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған еді. 

Фото: ашық дереккөзден