Қаңтар оқиғасы. Талдықорғанда сот бір отбасын атып өлтірген әскери қызметкерді соттады

Уақыты: 26.06.2023
Оқылды: 1076
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қаңтар оқиғасында коменданттық сағатта көлікте болған Сейітқұловтар отбасын атып өлтірді деп айыпталған әскери қызметкер Данияр Егембаев жеті жылға сотталды.

Бұл жөнінде 7-su.kz желілік басылымы Азаттық радиосы дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

“Алматы гарнизоны әскери соты Сейітқұловтар отбасының өлімінен кейін билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деп айыпталған (ҚР ҚК 451-бабының 2-бөлігі) әскери қызметші Данияр Егембаевты жеті жылға бас бостандығынан айырды”, – делінген сот шешімінде.

Аталған оқиға Талдықорған қаласында  8 қаңтарда болған. Сол күні Нұрболат Сейітқұлов пен жары Алтынай Етаева және олардың 15 жастағы қыздары Нұрай Оразыхан кешкі тоғыздар шамасында жеке көліктерімен қонақтан қайтып бара жатқанда (қала аумағында коменданттық сағат енгізілген уақыт – ред.) арнайы жасақтың оғынан қайтыс болған.

Айта кетейік, қаңтарда оққа ұшқан отбасының өліміне қатысты бұған дейінгі сотта прокурор айыпталушыға 7 жыл түрме сұраған болатын

Фото: stan.kz сайтынан алынды