Талдықорғанда «Есірткісіз қала» акциясы өтті

Уақыты: 26.06.2023
Оқылды: 753
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні қарсаңында есірткі жарнамалары жойылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жетісу облысы «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері, Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Талдықорған қаласының аумағында «Есірткісіз қала» акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты заңсыз граффити жазуларын, есірткі сайттарын жарнамалайтын штрих-кодтарды жоюға бағытталған.

Полиция қызметкерлері белсенділермен бірлесе қала тұрғындарына профилактикалық жұмыс жүргізіп, үйлердің, ғимараттардың, қоршаулардың қабырғаларына сурет салу,  есірткіні заңсыз тарату фактілерінің көбеюі туралы буклеттер мен хабарламалар таратты.