"Өрт қауіпі бар": Бүгінгі ауа райы болжамы

Уақыты: 27.06.2023
Оқылды: 421
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК-сы маусымның 27-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

ҚР-ның барлық аумағы атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан, жаңбыр жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстігінде, түнде және таңертен солтүстк-батысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.

Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта бұршақ жауады, дауыл тұрады.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі бар.

Жетісу облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.