Республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» жолы жабылды

Уақыты: 13.07.2023
Оқылды: 468
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ол аймақта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«Казахавтодор» ЖШС облыстық филиалының хабарлауынша, бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты 13 шілде күні сағат 09:00-дан бастап бұл бағытта қозғалыс тоқтайды.

«Сарыөзек-Көктал» Республикалық маңызы бар автожолының қайта жаңарту учаскесінің 45-68 км аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды»,- делінген Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жетісу облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.