Талдықорғанда "Жетісу жастары" бағдарламасына қатысуға құжаттар 10-28 шілде аралығында қабылданады

Уақыты: 26.07.2023
Оқылды: 672
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда 35 жасқа дейінгі жастарға арналған "Жетісу жастары" тұрғын үй сатып алу бағдарламасы іске қосылады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, құжаттар осы жылдың 10-28 шілдесі аралығында қабылданады.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • Қарыз сомасы 10 000 000 теңгеден артық емес.
  • Бастапқы жарна - бастапқы тұрғын үй үшін 0%, кепілзаттық қамтамасыз ету жеткілікті болған жағдайда қайталама тұрғын үй үшін 10%.
  • Сертификат қарастырылған.
  • Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі - 5%

* Тұрғын үй құны 10 млн. теңгеден асқан жағдайда айырманы салымшы өз қаражаты есебінен төлейді.

  • Бастапқы нарық - пайдалануға берілген пәтерлер.
  • Қайталама нарық - пәтер, жеке үй.

Отбасының әрбір мүшесінің жиынтық табысы 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (125 758) аспауы тиіс.

Бағдарламаға қатысушыға қойылатын талаптар:

  • Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде 35 жасқа толмаған болуы тиіс.
  • ҚР аумағында өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің ҚР бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің және соңғы 5 жыл ішінде иеліктен шығару фактісінің болмауы.
  • ҚР аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің және үлестің болмауы.
  • Талдықорған қаласында міндетті зейнетақы жарналарымен расталған кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы.
  • Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуінің ғана қатысуы.
  • Банктің талаптарына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілзаттың немесе кепілзатпен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде банкте ТҚЖ болуы.
  • Талдықорған қ. ЖАО-да кезекте тұру.

Өтінімдер Талдықорған қаласының әкімдігінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241. "Отбасы Банк" Call-орталығы: 300.

Ақпарат: Жетісу облысының әкімдігінен алынды