"Мүмкін емес": Министр ипотекалық бағдарлама туралы жауап берді

Уақыты: 01.08.2023
Оқылды: 668
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кезекті үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа жаңа ипотекалық мемлекеттік бағдарлама әзірлеуге қатысты сауал тастады. Министрдің жауабы "мүмкін емес"-тен аспады. 

Себебі де қарапайым. Бюджет арқылы бүкіл Қазақстанды қамту мүмкін емес дейді Жамаубаев. 
 

"Біз Отбасы банкінің жарғылық капиталын толықтыру үшін миллиардтаған қаржы бөлеміз. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар арқылы жалға берілетін баспанаға да ақша бөліп келеміз. Тек Отбасы банкі арқылы ғана өте көп, ондаған өнім бар, қарап көріңіздер. Бюджет арқылы бүкіл Қазақстанды ипотекалық несиемен қамти алмаймыз", - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.

Фото: ашық дереккөзден