"Нан, еңбек, энергияны үнемдеу күні". Қазақстандағы жаңа мерекелер тізімі жарияланды

Уақыты: 02.08.2023
Оқылды: 1222
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Үкімет 2023 жылғы 27 шілдедегі Қаулысымен жаңа редакцияда" мереке күндерінің тізбесін" бекітті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Жаңа тізімде 19 мереке бар. Оның ішінде: 

15 ақпан - Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні
1 наурыз - Алғыс айту күні
Мамырдың екінші жексенбісі - Аналар күні
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
Маусымның үшінші жексенбісі - Әкелер күні
Шілденің бірінші жексенбісі - Домбыра күні
10 тамыз - Абай күні
Тамыздың үшінші жексенбісі - Спорт күні 
29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні
1қыркүйек - Білім күні
5 қыркүйек - Қазақстан халқының Тілдері күні
Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні
Қыркүйектің соңғы жексенбісі - Еңбек күні
1 қазан - Қарттар күні
16 қазан - Нан күні
11 қараша - Энергияны үнемдеу күні
15 қараша - Ұлттық валюта - теңге күні
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні  

Фото: көрнекілікке алынды